• 15 марта, 2026 5:38 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ КІТАПТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

Сайрам ауданында орналасқан №533 референдум учаскесінде алғаш болып дауыс берген азаматтарға ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың кітаптары табысталды. Бұл бастама тұрғындарды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қазақ әдебиетінің классикалық мұрасымен жақынырақ таныстыруға бағытталған. Сайрам аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сәбит Аппазұлының айтуынша, референдум күні дауыс беру учаскелерінде мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылып, келушілерге кітаптар таратылуда. Оның сөзінше, мұндай шаралар азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттырумен қатар, рухани құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша барлығы 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды. Дауыс беру учаскелері ең көп орналасқан өңірлердің қатарында Сайрам ауданы — 89, Сарыағаш ауданы — 82, Жетісай ауданы — 75, Төлеби ауданы — 69 және Түркістан қаласы — 65. Референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin