• 30 января, 2026 8:41 пп

Сенат Төрағасы: Мемлекет басшысыныңконституциялық реформасы – мемлекетқұрылысын дамытудың жаңа кезеңі

Автор:admin

Янв 30, 2026

Бүгін Сенатта конституциялық реформа, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөліталқыланды. Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысын өткізді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың жуырда өткен отырысында ауқымды конституциялық реформалар туралы айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталатынын жеткізді. Бұл саяси жүйемізге тек түзетулер мен толықтырулар енгізу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге бейімделу арқылы түбегейлі жаңғыруға қадам басу екені анық. Сондықтан, осындай маңызды сәтте бірлігімізді бекемдеп, Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерді жүзеге асыруда жұдырықтай жұмылу айрықша мәнге ие», – деді Мәулен Әшімбаев.

Спикер Сената: Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства

Конституционную реформу, её роль в обновлении политической системы и формировании новой модели государственного устройства сегодня обсуждали в Сенате. Маулен Ашимбаев провел заседание диалоговой площадки «Ұлттық мүдде».

«Президент Казахстана Касым-Жомарт Кемелевич Токаев в ходе недавнего заседания Национального курултая заявил о масштабных конституционных реформах. Глава государства отметил, что в случае поддержки этих изменений со стороны народа в стране начнётся новый этап развития государственного устройства. При этом это не просто внесение точечных поправок и дополнений. Речь идёт о глубоком обновлении политической системы через адаптацию её к реалиям и вызовам современного мира. В этой связи в столь ответственный момент важно укреплять единство и совместными усилиями реализовывать преобразования, предложенные Главой государства», — сказал Спикер Сената.

Мәулен Әшімбаев: Президент реформаларының түпкі мақсатымемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту

Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады.

«Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңіне қадам басуда. Осы тарихи сәтте зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы ұсынған ауқымды өзгерістердің мәнін қоғамға дұрыс жеткізу аса маңызды. Қазіргідей жауапты кезеңде ұлттық бірлікті одан әрі бекемдеу өте өзекті. Қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыру ісінде де сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Саяси жаңғыудың түпкі мақсаты – мемлекеттілік пен Тәуелсіздікті нығайту. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа конституциялық модельге көшу кезеңі. Алдағы уақытта конституциялық реформаларды табысты іске асыруға зиялы қауым мен сарапшылар қоғамдастығы белсенді үлес қосады деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Автор: admin