• 28 февраля, 2026 6:19 пп

САЯСИ ПАРТИЯЛАР ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙТЫНДАРЫН МӘЛІМДЕДІ

Автор:admin

Фев 28, 2026

 

28 ақпанда Астана қаласында жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог өтті. Пікірталас Qazaqstan телеарнасының әлеуметтік желідегі платформаларында және Хабар телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Диалогқа елдегі 7 саяси партия атынан 14 спикер қатысып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Талқылау барысында Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті конституциялық деңгейде бекіту, адам құқықтарын қорғау, білім мен ғылым басымдығы, әлеуметтік кепілдіктер және экологиялық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды.

Спикерлердің пікірінше, жаңа редакция халықтың мүддесін қорғауға бағытталған және стратегиялық даму қағидаттарын айқындайды. Осылайша, саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын ашық мәлімдеді.

Автор: admin