• 24 ноября, 2025 9:13 дп

Сарапшы: «Түркі әлемінде коммуникацияныңжаңа дәуірі басталды»

Автор:admin

Ноя 18, 2025

HeadHunter Central Asia компаниясыныңмаркетинг және PR-менеджері МұхамедБағдатұлы Түркі елдеріндегі коммуникациялықөзгерістер туралы өз пікірін білдірді. Оныңайтуынша, «Орталық Азияда соңғы бес жылішінде ақпараттық және әлеуметтік орта түбегейлітрансформацияға ұшырады».

Спикер бұл туралы Алматыда өткен «Түркіәлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттермен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында айтты.

Сарапшы өңірдегі негізгі трендтерді атап өтті. Ол жастар үлесінің артуы мен еңбек нарығындағы зумербуынының күшеюін, әрі жасанды интеллект пен автоматтандырудың жылдам дамуын ерекше атады.

«Экономикалық жаңғыру, мемлекеттікреформалар және ақпараттың шапшаң таралуыұйымдарды коммуникация стратегиясын қайтақарауға мәжбүрлеп отыр. Беделді басқарудың жаңа талаптары: ашықтық, әлеуметтік жауапкершілік, стратегиялық тұрақтылық және HR-бренд сапасы. Компания беделі көп жағдайда бірінші басшының жеке имиджімен тікелей байланысты», – дедіМұхамед Бағдатұлы.

Сонымен қатар HeadHunter платформалары нарықтағы өзгерістерді, зерттеулер мен сауалнамаларды көрсетіп, ұйымдардың коммуникациялық беделіне әсер ететінін жеткізді.Мұхамед Бағдатұлы Түркі елдерінде бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптасып келе жатқанын айтты.

«Түркі мемлекеттері бір-бірінің медиасына бұрынғыдан да көбірек ықпал ете бастады. Аудиторияның эмоцияға емес, дәлелге негізделген ақпаратты қажет ететінін, ал ұлттық ерекшеліктер контент жасау тәсілін өзгертетінін ескеруіміз қажет. Сондай-ақ инфлюенсерлердің рөлі айтарлықтай артты. Біздің өңірде оларға деген сенім деңгейі әлі де жоғары», – деді Мұхамед Бағдатұлы.

Форум аясында сарапшы еңбек нарығының өзгерісі жұмыс беруші брендіне әсер етіп отырғанын айтты. Оның пікірінше, «Жұмыс беруші бренді қазіркомпанияның стратегиялық активіне айналды. Осы себепті HR мен PR бағыттарының интеграциясыбарған сайын маңызды болып отыр».

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, ОрталықАзия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетініңмұғалімдері мен студенттері т.б. қатысты.

Автор: admin