• 2 декабря, 2025 2:55 пп

САЙРАМ АУДАНЫ – ҚАЙТА ӨҢДЕУ БАҒЫТЫН ДАМЫТУДА ОЗАТ АУДАН

Автор:admin

Дек 2, 2025

 

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасы өтуде.

Салтанатты жиында қайта өңдеу бағытын дамытуда озат аудан ретінде Сайрам ауданы танылып, аудан әкімі Мадияр Оразалиев марапатталды.

Биыл Сайрам ауданында қайта өңдеу саласына 9,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге жоғары.

Бұл – аудан экономикасының өсіп, өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқанын айқын дәлелдейтін нәтиже.

Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin