• 4 мая, 2025 10:25 пп

Риддер қаласындағы ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді

Автор:admin

Май 4, 2025

✍️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулығы Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

✔️ Құжатқа сәйкес, Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт түріндегі қаражат аударылады.

✔️ Соңғы екі жылда Риддер ЖЭО-ға Үкімет резерві мен облыс бюджетінен 15,5 млрд теңге бағытталды. Қазандықтар мен турбиналарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, стансаның тозу деңгейі 75%-дан 46%-ға дейін төмендеді. Ұзындығы 21,3 шақырым жылу желісінде жөндеу жүргізілді, соның нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 67%-ға дейін азайды.

🔷 Сонымен қатар 2023-2024 жылдардағы жөндеу науқанына енбеген тораптар мен механизмдерді жөндеу қажет. Қазандық агрегаттарын, турбоагрегаттарын, сондай-ақ жабдықтың тұрақты түрде электрмен қамтамасыз етілуіне жауапты кешенді тарату құрылғыларын жөндеу қажет.

Осылайша, бөлінген қаражат Риддер қаласының жылу электр орталығын алдағы 2025-2026 жылыту маусымына уақтылы әрі сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.

🔘 Еске сала кетейік, 2024 жылы жылу электр орталығын тиімді басқару, стансаның қаржылық және кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мүліктік кешені коммуналдық меншікке берілді.

📱 @KZgovernment

Автор: admin