Түркістан қаласындағы №109 референдум учаскесінде 50-ден астам спортшы мен жаттықтырушылар өз таңдауларын жасап қана қоймай, таңғы жаттығуларын өткізді.
«Саяси науқан алдында спортты жанына серік еткен азаматтар таңғы жаттығуды учаске алдында өткізгенді жөн көрдік. Бұл біз үшін аса маңызды күн. Осы арқылы бұқаралық спорттың да еліміз үшін маңыздылығын түсіндіргіміз келді» — дейді Түркістан қаласының тұрғыны Дәуіржан Мергенбай.
Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру учаскелері ең көп аудандар: Сайрам – 89, Сарыағаш – 82, Жетісай – 75, Төлеби ауданы – 69, Түркістан қаласы – 65.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
