• 28 февраля, 2026 6:04 пп

ПАРТИЯАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:admin

Фев 28, 2026

 

Жаңа форматтағы партияаралық диалог ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделді. Талқылау тікелей эфирде көрсетіліп, көрермендер саяси партия өкілдерінің ұстанымдарын нақты уақыт режимінде тыңдай алды.

«Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция адамға бағдарланған мемлекет моделін бекітетінін айтты. Ал «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров құжаттың институционалдық тұрақтылық пен инвестициялық тартымдылықты күшейтетінін атап өтті.

Тікелей эфирдегі пікірталас партиялар арасындағы ашық бәсекелестік пен сындарлы талқылаудың үлгісіне айналды.

Автор: admin