• 14 января, 2026 10:04 пп

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 23, 2025

Акция барысында Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформалардың тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету бағытында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл реформалар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ордабасы ауданы көлемінде де осы реформаларға сәйкес әрбір тұрғынның заңға қатысты сұрақтары дер кезінде қаралып, нақты және толық жауап алуы басты назарға алынған. Мұндай шаралар халық пен биліктің арасындағы сенімді нығайтып, құқықтық қоғамдастықтың дамуына өз үлесін қосатыны айтылды.

Еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.

Аталған акция ауданымызда Темірлан елді мекені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның ғимаратында ұйымдастырылды. Тұрғындар әкімдікке қарасты дербес бөлім, мекеме мамандарынан,  өңірдің ең үздік заңгерлері мен адвокаттарынан заң, құқық қорғау төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына жауап алды.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету бағытындағы акция барысында кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алды.

Республика көлемінде өткізілген акцияға белгілі заңгерлермен қатар нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысты. Бұл азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей,  бірнеше мамандардан консультация алуға және алынған жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік берді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin