«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Түркістан облысының, Түлкібас ауданында өткізілді.
Бұл игі бастама табиғи су көздерін қорғау, бұлақтардың көзін ашу және қоршаған ортаның тазалығын сақтау арқылы халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
«Әулие бастау» бұлағында өткен «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 500-ден астам адам қатысып, 2000 түп ағаш отырғызылды.
«Әулие бастау» бұлағы – 1940 жылдан бері ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан табиғи су көзі. Аталған бұлақ Жыланды өзеніне құйып, одан әрі Байыс каналы арқылы 45 гектар суармалы жерді нәрлендіріп отыр. Сонымен қатар, Балықты ауылдық округі, Абай ауылындағы Қарабастау каналы арқылы 30 гектарегістік жер мен 120 үйдің іргелік жерлері сумен қамтамасыз етілуде.
Облыс көлемінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында
1. Акция өтетін бұлақтар саны – 6
2. Акция өтетін гидроқұрылымдар мен жағалау аумағының саны — 8
3. Филиал бойынша акцияға қатысатын ақсақалдар саны – 49.
4. Филиал бойынша акцияға қатысатын оқушылар саны – 192
5. Акцияға қатысатын мекемелер саны — 3 мекеме («Қазсушар» РМК Түркістан филиалы, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы, «Оңтүстік Қазақстан гидрогеоло-мелиоративтік экспедициясы»)
6. Акцияға қатысатын адамдардың жалпы саны – 1229
7.Акция өткізілетін бұлақтар басына қажетті құрылыс материалдары мен құрал жабдықтар жеткізілді. Алты бұлақ басында 20 техника және 100 — ге жуық қызметкер тиісті жұмыстарды жүргізді.
Бүгінгі акцияға облыс бойынша 1500-ға жуық азамат белсенді қатысуда.
