• 3 мая, 2025 2:04 пп

«МҰРАГЕР» БЕЙБІТШІЛІК ШАРТЫ ӘСКЕРИ КҮШТЕРІ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 2, 2025

 

Бүгін «Жеңіс» саябағында Кеңес Одағы кезіңде шет елдерде әскери борышын өтеген ардагерлерден құралған «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің 9-мамыр «Жеңіс күні» және Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 80-жыл толуына арналған мерекелік іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шарада Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов және «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері Кеңес Одағының батыры С.Рахимовтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары іс-шараға келген қонақтарды мерекемен құттықтап, қала мен ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдайына белсенділік танытып жүрген ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Жас құтқарушылар» үйірмесінің қалалық сайысының жеңімпаздары медальдармен марапатталды.

Автор: admin