• Пн. Сен 28th, 2026

МОПЕД ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ТАЛАП КҮШЕЙДІ: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ЕЛЕМЕГЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Автор:jsk.kz

Сен 28, 2026

Түркістан облысында жолдағы тәртіпті күшейту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік іс-шара өткізілді.
Кентау қаласының полицейлері рейд барысында жол қозғалысы талаптарын елемеген бірқатар мопед жүргізушісін анықтады.
Атап айтқанда, 39 жастағы Алмас Сұлтанбаев мопедпен жаяу жүргіншілерге арналған жолмен қозғалған. Ал 22 жастағы Шыңғысхан Ерғабыл мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мопедті басқарған.
Бұдан бөлек, көлік құралдарын пайдалану, тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзған жүргізушілер де полиция назарынан тыс қалмады. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, мопедтер арнайы тұраққа қойылды.
Жол қозғалысы ережелерін елемеу өз өміріне ғана емес, жаяу жүргіншілер мен өзге де қозғалыс қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеміз. Мопед жүргізушілері де заң талаптарын сақтауға міндетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Автор: jsk.kz