• 23.08.2026 16:23

«МИЛЛИОН» КВН КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Автор:jsk.kz

Авг 23, 2026

 

Танымал «Миллион» КВН командасының мүшесі Ерболат Заркумов бүгін Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Ол Шымкент қаласындағы №101 сайлау учаскесіне, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне келіп, маңызды саяси науқанға қатысты.
Е. Заркумов азаматтардың ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, сайлауға белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.
– Бүгін – еліміз үшін маңызды тарихи күн. Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына әр азамат белсенді қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды білдіру – баршамызға ортақ жауапкершілік, – деді ол.
№101 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіппен өтіп жатыр. Мұнда жастардың белсенділігі де байқалады.

Автор: jsk.kz