Ордабасы ауданының орталығындағы Темірлан спорт кешенінде “Халықаралық әйелдер күні” мерекесі қарсаңында аудандық мекеме қызметкерлері (қыздар) арасында аудандық спартакиада болып өтті.
Алдымен көк Туы көтеріліп, еліміздің Гимны шырқалған соң аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов сайысқа қатысушы мекеме қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Иықтарына орамал жауып, гүл шоқтары үйлестірілді.
Жалпы спорттық сайысқа 10-ға жуық команда қатысып, спорттың қол күрес, эстафеталық ойындар, арқан тарту, дойбы т.б түрлерінен сынға түсті.
Нәтижесінде жалпы командалық есепте:
3 орын Көктөбе ауылындағы Н.Нысанбайұлы ж.о.м, Аудандық мәдениет және спорт бөлімі,
2 орын Ақжол ауылындағы Жамбыл ж.о.м,
1 орын Шұбарсу ауылындағы Көктөбе ж.м (ЖШС) жеңімпаз атанды.
Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға грамота, медаль, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Jsk ақпараттық агенттігі
