Мемлекет басшысының ерлікті дәріптеу — ұлттың рухын көтеріп, отансүйгіштік сезімді нығайту бағытындағы бастамалары аясында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ордабасы ауданының әкімдік тарапынан «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Аудандағы барлық салалар атсалысатын осы жоспар аясындағы кейбір шаралар бастау алуда. Соның бірі ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне кезектен тыс медициналық қызмет көрсету.
— Осы ретте аудандық орталық аурухананың тәжірибелі дәрігерлері Бөржар, Жамбыл, Бірлік, Қайнар ауылдарында тұратын тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы медициналық көмек көрсетті.
Шара аясында төмендегідей медициналық қызметтер ұсынылды:
артериялық қан қысымын өлшеу;
электрокардиограмма (ЭКГ) түсіру;
қандағы қант мөлшерін анықтау;
жалпы денсаулық жағдайын тексеру;
офтальмологиялық және неврологиялық тексеру жүргізу.
Аталған жұмыстар тыл ардагерлерінің денсаулығын жақсартуға, өмір сапасын арттыруға және олардың қоғам алдындағы еңбегіне құрмет білдіру мақсатында атқарылды.
Jsk ақпараттық агенттігі
