Менің мемлекетім – менің Отаным! Елім – ата-анам, бауырым, перзентім және досым. Туған жерімнің әрбір топырағы, әрбір белесі мен үшін қымбат. Ал мемлекеттік рәміздерім – елдігімнің айғағы, тәуелсіздігімнің белгісі, менің мақтанышым.
Осы құндылықтардың сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін, Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын жалғастырып отырған өз Ата заңымыздың негізінде жазылған заң талаптарының орындалуы үшін Құрылтай сайлауына барып дауыс беруді азаматтық борышым санаймын.
Өз заңымыздың болуы – біз үшін құнды, баға жетпес байлық. Себебі заң – елдіктің тұғыры, мемлекеттіліктің негізі, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің кепілі. Оны құрметтеу – Отанды құрметтеумен тең.
Бүгінгі ұрпақтың міндеті – өткенін ұмытпай, болашағына сеніммен қарау. Сол болашақты қалыптастыру үшін де әрбіріміздің азаматтық ұстанымыз, ел болашағы үшін сайлауға қатысып дауыс беру маңызды.
Марғуба МҰҚТАРҚЫЗЫ,
«Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру» орталығы «жас қаламгер» ақындар клубының жетекшісі. Ұлағатты ұстаз, Қазақстан педагогикалық академиясының Академигі
