Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған.
— мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алу нәтижесінде өткен жылы лак бояу материалдары, тұрмыстық химия және жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға өсті.
— Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың (ҚазАзот, Қазфосфат) экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті.
Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5% пайызға өсіп, 406 миллиард теңгені құрады. Өсім полипропилен және уран қосылыстары өндірісінің ұлғаюымен байланысты.
Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылуда. Олардың негізгілері мұнай және металлургия саласына қажет химиялық өнімдерді шығаруға бағытталған.