• 16.06.2026 21:37

Мемлекеттік рәміздер мен наградалар — елдігіміздің беделі.

Автор:jsk.kz

Июн 16, 2026

​Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы төрағалығымен қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік наградалар мен рәміздердің заңды қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме отырысы өтті.
​Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды.
​Негізгі талаптар мен шектеулер:
​Қоғамдық бірлестіктер тарапынан мемлекеттік наградаларға атауы немесе сыртқы келбеті бойынша толықтай немесе ішінара ұқсас ордендер мен медальдарды, төсбелгілерді тағайындауға және дайындауға заңмен тыйым салынады.
​Мемлекеттік емес наградалармен Қазақстан Республикасының, халықтың немесе Мемлекет басшысының атынан марапаттауға жол берілмейді.
​Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік наградаларға ұқсас белгілерді дайындау мен өткізудің заңсыздығы, сондай-ақ бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 674-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
​Мемлекеттік рәміздер мен наградалар — елдігіміздің беделі. Олардың қадірін түсіруге және коммерцияландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында қоғамдық наградалармен және өзге де атақтармен марапаттау шараларын өткізуге тыйым салынатыны ескертілді.

Автор: jsk.kz