• 23.06.2026 20:51

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Автор:jsk.kz

Июн 23, 2026

«Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Айқын нәтиже» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қаратау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мен полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген шара барысында алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың 16 фактісі анықталды. Нәтижесінде жалпы құны 7,7 млн теңгені құрайтын 6 844 бірлік алкоголь өнімі заңсыз айналымнан алынды. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Өз кезегінде Қаратау ауданының прокуратурасы алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сатуға, заңда белгіленбеген уақытта өткізуге, сондай-ақ арнайы лицензиясыз саудалауға заңмен тыйым салынғанын ескертеді. Аталған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Автор: jsk.kz