• 24 ноября, 2025 8:31 дп

Заң мен тәртіп: Шымкентте полиция балаларға арналған заң туралы мультфильм ұсынды

Автор:admin

Окт 31, 2025

Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтып өткендей, Президентіміздің 9 бағытқа бөліп берген Қазақстан экономикасының құрылымын өзгерту арқылы түрлі салаларды дамытуды, азаматтардың табысын арттыруды мақсат етіп қойғаны бұл жолғы Жолдаудың Әділетті Қазақстан құруда маңызы зор екенін есепке алғанымыз жөн. Әділетті Қазақстанды бірге құруға, қасиетті Отанымызды бірге өркендетуге шақырған Президент Жолдауда жаңа экономикалық саясат, шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру, банктер туралы жаңа заң қабылдау, салық саясатын тұрақтандыру, бюджет қаражатын орынды пайдалану, жаңа Салық кодексін әзірлеу, елімізге инвесторларды тарту, диқандарды қолдау, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару, аймақтардың өркендеуі үшін жаңа өндіріс орындарын дамыту, теміржол саласында реформа жасау, автокөлік жолдардың сапасын жақсылау, цифрлік технологияны, туризмді дамыту, суды барынша үнемдеу сияқты өте маңызды мәселелерге кеңінен тоқталып өткен болатын. Осы орайда Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Премьера ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетіліп, шараға 500-ден астам бала қатысты. Жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған. Мультфильм балаларға заңның, әділдіктің және қоғамдық тәртіптің маңызын қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуді мақсат етеді. Анимациялық туындының басты кейіпкері – Барыс, Қазақстанның тәуелсіздігі мен күш-қуатын бейнелейтін кейіпкер. Ол балаларға адалдық, құрмет және ережелерді сақтау сынды қасиеттердің маңызын үйретеді. Премьера аясында балалар үшін түрлі интерактивті және танымдық шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша викторинаға қатысып, кинологтар мен криминалистердің жұмысымен, сондай-ақ арнайы жасақ қызметімен танысты. Сонымен қатар, полиция қызметіне арналған фотокөрме ұсынылды. Мерекелік атмосфераны қуыршақ театрының әртістері, Шымкент циркі өнерпаздары және жол қозғалысының жас инспекторларының сахналық қойылымдары жандандырды. Іс-шара соңында балалар мен ата-аналар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырды – бұл ізгі ниет пен бейбітшіліктің белгісіне айналды. Жоба авторларының айтуынша, «BalaZan» – тек анимациялық фильм емес, сонымен қатар балаларға заңды құрметтеуді, әділдік пен жауапкершілікті бағалауды, қоғамға пайдалы болуды үйрететін тәрбиелік бастама.

 

Автор: admin