• 28 февраля, 2026 11:04 дп

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Автор:admin

Фев 28, 2026

 

«Әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті».

Бұл – әрқайсымызға жүктелген ортақ жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциясы – ел бірлігінің, тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, қоғамдағы өзара сыйластық пен заң үстемдігін қамтамасыз етеді.

Жаңа Конституциялық өзгерістер – жаңару мен даму жолындағы маңызды қадам. Әділдікке негізделген қоғам құру үшін әр азамат заңды құрметтеп, өз міндетін адал атқаруы тиіс. Себебі құқық пен міндет – егіз ұғым.

Біз бір-біріміздің ар-намысымызды қадірлеп, бостандығымызды бағалап, заң талаптарын сақтағанда ғана қуатты әрі өркениетті мемлекет қалыптастырамыз.

Жаңа Қазақстан – жауапты азаматтан басталады!

Автор: admin