Тез ақша табуға деген ұмтылыс, тұрақты табыстың болмауы немесе қаржылық қиындықтар адамдарды қауіптілігінен бейхабарсхемаларға итермелейді. Ең кең тарағандарының бірі — дропперлік немесе адам басқа біреудің ақшасын аударуға, қабылдауға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға делдал болатын money mule схемалары.
Бір қарағанда «қылмыстық ештеңесі жоқ»: тек аударманы қабылдап, әрі қарай жібересізжәне комиссия аласыз. Іс жүзінде – заңдық салдары ауыр, шоттарды бұғаттау және қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі.
Толығырақ Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.
Дропперлік және money mule деген не?
Дроппер – бұл үшінші тұлғалардың өтінішібойынша ақшаны өзінің банктік картасына немесе шотына қабылдайтын, оны әрі қарай аударатын, қолма-қол ақшаға айналдыратын немесе өз деректемелеріне рұқсат беретін адам.
Әдетте, мұндай қаражат көзі заңсыз: олар интернет—алаяқтық, фишинг, вишинг, қартадамдарды алдау, аккаунттарды бұзу немесе жеке деректерді ұрлау нәтижесінде алынған қаражат.
Money mule схемаларын алаяқтар аударымдар тізбегін шатастыру, ұрланған қаражатты шығарып алу, жауапкершілікті басқа адамға — карта немесе шот иесіне аудару үшін пайдаланады. Банктер мен құқық қорғау органдары үшін сол дроппер «қолда бар буын» болып табылады.
Мұндай схемаларға кімдер жиі алданады
Адамдардың түрлі санаты дропперліктің құрбаны болады, бірақ оларды бір нәрсе біріктіреді — жеңіл табыс табу туралы уәделерге сенуі және тәуекелдерді түсінбеуі.
1. Тәжірибесіз қосымша табыс тапқысы келетін студенттер мен жастар. Оларға «қарапайым тапсырмалар» беріледі: ақшаны қабылдау, деректемелерге аудару, операцияларға көмектесу. Барлығы қауіпсіз, қашықтан жұмыс істеуге ұқсағанмен, іс жүзінде адам заңсыз қаржылық операцияларға қатысады.
2. Жұмыссыздар мен қаржылық жағдайы қиын адамдар. Ақша шұғыл қажет болғанда, «жылдам төлеу» және «кепілді табыс табу»сияқты ұсыныстар сақтықты әлсіретеді. Алаяқтар қаражаттың шығу көзі мен заңдық салдарын әдейі жасырады.
3. Қиындықсыз ақша тапқысы келетіндер. «Үйде отырып оңай жұмыс істеу», «аударымдар үшін кіріс алу» немесе «бірнеше рет басқаны үшін комиссия алу» туралы хабарландырулар қауіпсіз табыс табу елесін береді. Ақшаны тез тапқысы келетін адамдар барлық нәрсеге мән беру мүмкіндігінен айырылады.
Алаяқтар өз аудиториясының күтулеріне орай мұқият бейімделеді: олар іскерлік тонды,компаниялардың «ресми» атауларын, жалғаншарттарды қолданады, шұғыл сезімді тудырады – «қазір аудару керек», «уақыт шектеулі». Егер неіздеу керектігін білмесе, тіпті сақ адамдардың өзі алдануы мүмкін.
Бұл іс жүзінде қалай орын алады: нақты жағдайлар
«Студент үшін қосымша жұмыс істеу»
Студент Алмас әлеуметтік желілерде:«Аударымдар үшін көмекші керек, ақысы операциялардан пайыз ретінде төленеді» деген хабарландыру тауып алды. Оған «шарт»,нұсқаулар жіберіліп, бәрі заңды екеніне сендірді.Бірнеше күннен кейін оның картасына ірі сомалар түсіп, ол бұл сомаларды одан әрі аудара бастады. Көп ұзамай банк оның шотын бұғаттаптастады: ақша алаяқтық болып шықты. Алмастергеуге қатысушы болды, ал оның картасықылмыстық схеманың құралына айналды.
«Жұмыссыз адамның уақытша көмегі»
Жанна жұмыссыз қалып, «шетелдік клиенттерүшін аударымдармен бизнеске көмектесуге» келісті. Ол шот ашып, нұсқауларды орындап жүрді.
Бірнеше күннен кейін ол құқық қорғауоргандарына шақырылды: операциялар күдікті дептанылды және қаражаттың шығу тегі расталмады.Енді Жанна өз әрекетінің заңсыздығынтүсінбегенін дәлелдеуге мәжбүр болды.
«Жұмыс берушіден шұғыл аударым»
Сәкенге банктік аударымдармен қашықтанжұмыс жасау ұсынылды. Сомалары аз, алтапсырмалары қарапайым болып көрінді. Бірнешеоперациядан кейін банк шотты тоқтатып, түсініктеме сұрады. Жас жігіт қиын жағдайғатап болды: ақшаға қол жеткізбестен жәнежауапкершілікке тарту қаупі бар.
Сипатталған барлық жағдайларда адамдарғатез және оңай табыс уәде етілді, олардың жекебанктік шоттары немесе карталары жұмыс үшінпайдаланылды. Ешкім жұмыстың мәнін және кірісқаражатының көзін нақтылаған жоқ – барлық ақпарат үстірт және сенімді түрде берілді.Нәтижесінде схеманың ортасында шот иесіболды.
Неліктен «мен білмедім» деген сөз ақталуға жатпайды
Ең қауіпті иллюзиялардың бірі – ақшаны ұрлағанадам жауапты деген сенім. Іс жүзінде қаражатөткен картаның немесе шоттың иесі жауапбереді.
Мұндай схемаларға қатысу мына жағдайларға әкелуі мүмкін:
Адам қаражаттың қылмыстық шығу тегі туралыбілмесе де, оны дәлелдеу өте қиын болуы мүмкін.
Жеке қылмыстық жауапкершілік: 2025 жылдан бері не өзгерді
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін білу маңызды (ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы).
Мынадай жазалау шаралары көзделген:
Басқаша айтқанда, «оңай табыс табу» жолы қылмыстық жазалау мерзіміне, шоттарды бұғаттауға және көптеген жылдар бойы беделге нұқсан келтіруге әкелуі мүмкін.
Дропперлік схемалар арбауына қалай түспеуге болады
Өзіңізді қорғау үшін қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын сақтау жеткілікті:
Ең бастысы, дропперлік арқылы адал ақша табылмайтынын есте ұстаған жөн. Дропперлік Сіздің келешегіңізге нақты қауіп төндіреді.Бірден, тез арада ақша табуға тырысамын деп банктік қызметтерге қолжетімділікті жоғалтуға, беделге нұқсан келтіруге және тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін күрделі мәселелерге тап болуыңыз мүмкін.
Егер сізге «ақша алуға» немесе «ақша аударуға аздап көмектесу» ұсынылса, одан бас тартыңыз. Басқа адамға көмектесемін деп проблемаға тап болмаңыз!
