• 29.04.2026 12:07

Дербісек ауылының тұрғындары соттан су жүйесін жеке қолдан мемлекетке қайтаруды талап етеді!

Автор:admin

Апр 29, 2026

 

Халықты сапалы және тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі әкімдіктің тұрақты бақылауында. Ауылда ауызсу үздіксіз және тұрақты түрде берілуде.

Дербісекте шамамен 16 мың тұрғын (3 300 абонент) тұрады. Су жүйесі ГКП «Сарыағаш Тұрмыс» мекемесі арқылы қамтамасыз етіледі. «Рауан» ЖШС-не тиесілі №2-тп ұңғымасы және су тарату колонкалары пайдаланылады.

Тұрғындар аталған ұңғыманы мемлекет меншігіне қайтару мәселесін көтеруде. Қазіргі уақытта бұл мәселе тиісті мемлекеттік органдардың қарауында. Жерді жалға беру және су пайдалану рұқсаттарының заңдылығы тексерілуде, сотқа талап арыз берілген.

Сондай-ақ «Рауан» жеке компаниясына берілген рұқсаттың заңдылығын тексеру жөнінде сұрау жолданған.

Егер рұқсаттар ұзартылмаған жағдайда, №2-тп ұңғымасы Сарыағаш ауданы әкімдігінің теңгеріміне берілетін болады.

Қазіргі уақытта бұл мәселе сот тәртібімен қаралуда, барлық тиісті құжаттардың заңдылығы мен негізділігі тексеріліп жатыр.

Автор: admin