• 14 декабря, 2025 7:28 пп

АЯУЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Автор:admin

Ноя 19, 2025

Ордабасы ауданының  әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ардақты аналармен түрлі салада қызмет еткен, адал еңбегімен елге еленген бір топ аяулы жандарды қабылдап, құрмет көрсетті.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен шарада аудан әкімі аяулы ұстаз-аналарға ыстық ықыласын жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі.

«”Ізгі атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған”-дейді дана халқымыз. Бір қолмен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Бүгінде нәзік жандыларымыз барлық салады жемісті еңбек етіп, елеулі үлестерін қосуда. Сіздердің ауданымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз ерен еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымды білдіремін. Шуақты мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін» — деді аудан басшысы.

Жиын соңында ардагер-ұстаздар сөз сөйлеп, мерекеге орай үлкен құрмет көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, ақжарма тілегін білдірді.

 

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin