• 24 июня, 2024 4:00 пп

TEKNOFEST-2023 БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Апр 19, 2023

Аталған шарада заманауи технологияға арналған жарыстар 2023 жылдың 10 сәуірі мен 1 мамыры аралығына жоспарланған. Технология саласындағы ең үздік мамандар бас қосатын халықаралық шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты өте кең ауқымда аталып өтеді. Мысалы, сайыс шеңберінде Түркияның әр аймағынан келетін 332 мыңнан астам команда мен 1 миллионнан астам қатысушы Коджаели, Бурса, Анкара, Аксарай және Стамбұлда ұйымдастырылады. Ұлттық технологиялық бағытта дамуды көздейтін “Тeknofest-2023” өз армандарын жүзеге асыру және технология жарыстарында үздік болу үшін күресіп жатқан жастардың табысты және өзіне сенімді жобаларының алаңына айналады.

Ататүрік әуежайында өтетін бес күндік фестивальда технология, ғылым, авиация және ұшу шоуларына толы бағдарламалар, марапаттау рәсімдері, көрмелер, саммиттер, семинарлар мен іс-шаралар болады.
Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры

Автор: admin