• 14 декабря, 2025 7:27 пп

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Автор:admin

Ноя 18, 2025

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Азат Оралбаев Түрткүл ауыл округіне қарасты Қызылжар ауылының тұрғыны 106 жастағы тыл ардагері Орынкүл Құрманбекова әжейдің шаңырағында болып, абзал анаға гүл шоқтары мен қазақы дәстүр бойынша иығына ақ жаулық жауып, мерейлі мерекемен құттықтады.

Өз кезегінде ғасыр жасаған ардагер шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Бір ғасырдың куәсі болып отырған Орынкүл әжейдің 3 қыз 1 баласынан 12 немере, 21 шөбере, 20 шөпшек тараған.

Осындай абыз аналар — елдің берекесі мен бірлігінің символы. Тылда тынымсыз еңбек етіп, ауыр кезеңнің бар салмағын көтерген Орынкүл әжейдің өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі. Қиын замандағы шыдамдылық, ұқыптылық пен төзімділік — бүгінгі бейбіт күннің қадірін арттыра түсетін қасиеттер. Әжейдің әрбір тағылымды әңгімесі — өткен тарихтың тірі шежіресі.

Аудан басшылығы тарапынан қарияларға көрсетіліп отырған құрмет — ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ұлттық дәстүрді дәріптеудің белгісі. Жергілікті жұртшылық та ғасыр жасаған Орынкүл Құрманбекова сынды ақ жаулықты аналарға алғыс айтып, олардың өнегелі ғұмырын қадірлейді. Осындай құрметтің жалғасуы — қоғамдағы адамгершілік пен сыйластықтың нығайуына өз үлесін қосары сөзсіз.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin