Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы бүгінде ел ішіндегі барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар жұмысының негізгі қағидатына айналды. Мемлекеттік қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың талап-тілегін дер кезінде есту, өзекті мәселелерді ашық талқылап, нақты шешім шығару. Осы бағытта жергілікті және облыстық басқару органдары халықпен тікелей байланыс орнатып, әрбір ұсыныстың назардан тыс қалмауына ден қойып келеді.
Осы қағиданы жүзеге асыру аясында Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының аудан халқымен кезекті кездесуі өтті. Кездесу «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар көтерген әлеуметтік, инфрақұрылымдық және коммуналдық мәселелерді талқылауға арналды. Жиында халықтың ұсыныстары тыңдалып, жауапты органдарға жолданатын нақты тапсырмалар айқындалды.
Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы заңға сәйкес Түркістан облыстық маслихаты депутаттарының аудан халқымен кездесуі өтті.
Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихат төрағасы Әбішов Нұралы Әлмаханұлы, облыстық мәслихат депутаттары Әбіш Дулат Назарбекұлы, Райымбеков Ғани Ақылбекұлы және БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысып, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Кездесуде 2024 жылы атқарылған істер мен ағымдағы жылғы жұмыстар барысын баяндаған депутат Ғани Ақылбекұлы бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар жыл соңына дейінгі жоспарлармен бөлісті.
Мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан аудан аумағындағы жол, көше жарығы, ауыз су және ағын су жүйелері, табиғи газбен қамтамасыз ету, балалар ойын алаңшаларын салу, инфрақұрылымды дамыту, каналдарды тазалау, дренаждарды қалпына келтіру, тұрмыстық қалдықтарды шығару және реттеу сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Әрбір ауылдық округтен келген тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, аудан басшысы мен облыстық мәслихат депутаттары тарапынан жауаптар берілді.
Депутаттар облыстық деңгейдегі проблемалардың шешілуіне ықпал ету мақсатында, жауапты атқарушы органдардың қарауына жолдау үшін тиісті сауалдар әзірленетінін айтты. Сонымен қатар, мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында көтеріп, сессияға ұсынылатынын жеткізді.
Азаматтардың талап-тілегі бойынша тиісті ұсыныстар хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Аудан тұрғындары мен ақсақалдары, қоғам белсенділері атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.
Jsk ақпараттық агенттігі
