• 15 декабря, 2025 3:20 дп

ORDABASY: МЕРЕКЕ ЭТНОАУЫЛ АУМАҒЫНАН БАСТАУ АЛДЫ

Автор:admin

Ноя 22, 2025

Ордабасы  ауданы  көлемінде аталып өткен «Қош келдің — Әз наурыз» мерекелік іс – шарасы Темірлан ауылындағы Этноауыл демалыс аймағында бастау алды.

Мереке өтетін орын талапқа сай безендіріліп, сахна орналастырылып, өнерпаздар аспаптармен әуендер ойнап тұрды.

Қақпа алдында дәстүрлі әншілер қонақтарды ән шашуымен күтіп алды. Салтқа сай меймандарға нан аыз тигізіп, көже таратылады. Шашу шашылды ұлттық тоқыма көрмелері көрсетілді. Күбі пісу, таба на жабу, бауырсақ пісіру және самаурын қою секілді көріністер ұсынылды.

Алтыбақан маңында «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер театрының өнерпаздары ән шырқап, би билеп, мақал мәтел, жаңылтпаштар айтып жарысты.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin