Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Ордабасы ауданында еңбек адамының, жұмысшы мамандық иелерінің беделін көтеріп, қолдау жұмыстары жандануда.
Ордабасы ауданы көлемінде ардақты аналар мерекесіне орай барлық саладағы қыз-келіншектермен бірге жұмысшы мамандығындағы әйелдерге де құрмет көрсетілді.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев “Мемлекет басшысы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бойынша адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы қажет екенін баса айтқан. Мамандықтың үлкен-кішісі, маңызды-маңыздысыз, жақсысы мен жаманы, жоғары-төмен дәрежелері болмайды. Жұмысшы мамандықтарының маңызын жете ұғынып, сала мамандарына үлкен құрметпен қарауымыз керек”-деп жұмысшы мамандығындағы аруларды айтулы мерекесімен құттықтап, сый-сыйапат жасады. Қарапайым еңбек адамдарына деген ерекше құрметін көрсетті.
Бүгінгі таңда «Темірлан абаттандыру»КММ 138 жұмысшы болса, соның 57-і –нәзік жандылар.
Бұнымен қоса, аудан әкімі аудандық «Таза су» МКК-нің, «Қажымұқан-Қараспан» топтық су құбыры өндірістік бөлімшесінде қызмет етіп жүрген аруларды айтулы мерекелерімен құттықтады.
Jsk ақпараттық агенттігі
