• 27 ноября, 2025 1:22 пп

ORDABASY: БҮГІНГІ КЕЗДЕСУ БАДАМ МЕН БӨРЖАРДА ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 27, 2025

Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында өткізілген бұл кездесу тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тікелей тыңдап, олардың талап-тілектерін жергілікті деңгейде жедел шешуге бағытталған ашық диалог алаңы болды. Мемлекеттік басқарудағы ашықтық, жауаптылық және азаматтардың мәселелеріне дер кезінде назар аудару — осы тұжырымдаманың басты қағидалары.

Ордабасы ауданының  әкімі Азат Оралбаев тұрғындарымен кезекті кездесуді Бадам және Бөржар ауыл округтерінде өткізді. Кездесу барысында алдымен 2025 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, келесі кезекте кездесу өтіп отырған ауыл округтеріндегі атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталды:

Бадам ауыл округінің биылғы бюджеті 209,8 млн теңге көлемінде бекітіліп, өзіндік кірістер айтарлықтай артқан, сол арқылы жергілікті жобалар – көше жарығы, абаттандыру, ойын және спорт алаңшалары қаржыландырылуда. Бадам округінде өткен жылы көтерілген 9 мәселенің 2-сі толық шешіліп, 7 бағыт бойынша жұмыс жалғасуда. Көше жарығы, балалар ойын алаңшасы, ардагерлер үйі, ағынсу, электр желілері, трансформаторлар, сергек камералар, ауызсу, газ, жол жөндеу, абаттандыру бойынша 29 жоба іске асырылуда. 58 га жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді, жылыжайлар субсидия алуда.

Бөржар округінде бюджет түсімі ұлғайып, 121,9 млн теңгені құрап, инвестициялар ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалуда. 8 ұсыныстың 2-сі шешіліп, абаттандыру, жол жөндеу, ауызсу, электр желілері, спорт және балалар алаңдары, ағын су жүйелері бойынша 6-ұсыныс кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар жиын барысында тұрғындардың: стадионды қоршау, көгалдандыру, жол мен көше жарығы, ойын алаңдары, электр желілері, бағаналар, жол кедергілері, көшеге ат қою, әлеуметтік көмек, мәдениет саласы, ағын су каналдары, спорт кешендері жөніндегі сұрақтары  қаралып, аумақ әкімдігі мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан басшысы кейбір мәселелер тұрғындармен бірлесе шешілетінін атап өтіп, тұрғындарды жеке қабылдады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin