• 23 февраля, 2026 10:20 пп

ORDABASY: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА

Автор:admin

Ноя 17, 2025

Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидаты негізінде ел ішінде жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы мақсатта Мәжіліс депутаты Қайрат Рахымұлы Ордабасы ауданына арнайы іс-сапармен келіп, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобалардың орындалу барысымен танысты. Алдымен “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында Ақбұлақ ауылында салынған 300 орындық жаңа білім ошағының құрылысын көріп, кейін Темірлан ауылындағы жаңадан ашылған спорт кешенінде спорт ардагерлері және сала мамандарымен жүздесті. Сонымен бірге “Ауыл аманаты” бағдарламасының іске асырылуы, жаңа әлеуметтік нысандардың қаржыландырылауы мен қабылданған заңдардың маңызы туралы халықпен ашық форматтағы кездесуде кеңінен пікір алмасты.

Одан соң, Темірлан ауылында жақында пайдалануға берілген спорт кешенін аралып, спорт ардагерлері мен спорт саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлерімен жүздесті. Өз сөзінде Қайрат Рахымұлы:

— Спорт саласына Мемлекет басшысы мен мемлекет тарапынан қолдау ерекше екендігін, — атап өтті.

Спорт ардагерлері қолдауды сезіп жатқанын және ауданда құрылысы биыл басталатын бассейн кешені мен теннис корт жобасын қаржыландыруға ықпал еткен халық қалаулысына алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Темірланда “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында балық шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкермен жүздесті. Қайрат Рахымұлы жобаның ауыл тұрғындарына үлкен көмек екенін айта келе, “Ауыл аманаты” жобасына бөлінетін қаржыны ұлғайту бойынша Үкіметке ұсыныс енгізетінін айтты.

Кездесу аудан орталығының Жастар сарайында жалғасты.

Мәжіліс депутаты “Ұлттық қор- балаларға”, “Лудомания”, “Заңсыз иемденген активтерді қайтару” және т.с.с қабылданған Заңдар бойынша кеңінен таратып, түсіндіріп берді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей  “Заңсыз иемденген активтерді қайтару” Заңының шарапатын алғашқылардың бірі болып Ордабасы ауданы көретіндігі және арнаулы қор есебінен ауданда музыкалық мектептің құрылысына қаржы бөлдіруге ықпал еткені үшін Қайрат Рахымұлына алғысын жеткізді.

Кездесу еркін форматта өтіп, халық қалаулысына сұрақ-жауаптар қойылып, мардымды жауап алынды.

Кездесу соңында аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы сөз алып, Ордабасылық сайлаушыларына қамқорлық танытып, республикалық бюджеттен әлеуметтік жобалар мен елді мекендердегі ауыз суға қаржы бөлдіруге ықпал еткен Қайрат Рахымұлына ризашылығын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі!

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin