• 29 марта, 2024 12:40 дп

«AMANAT»: СЪЕЗГЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Автор:admin

Апр 22, 2022

Күні кеше «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс ХХІІІ съезді шақыру бойынша шешім қабылдады.

Бүгін Түркістан облысының әкімі, өңірлік партия филиалының төрағасы Ө.Шөкеевтің төрағалығымен партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс мәжілісі өтті. Онлайн-офлайн форматта өткен жиынға Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Абасов та қатысты. Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Ол – 2022 жылдың 26 сәуірінде өтетін съезге Түркістан облысынан делегаттар сайлау.

– Мемлекет басшысының биылғы жолдауында «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын басшылыққа алып, елімізде жүргізілетін саяси трансформацияның он бастамасын ұсынған болатын. Жолдаудан кейін «ADAL» партиясының Саяси кеңесінде «AMANAT» партиясына қосылу мәселесі көтеріліп, мақұлданды. Кезекті съезде осы мәселе қаралады деп жоспарлануда, – деді облыстық партия филиалының төрағасы Ө.Шөкеев.

Мәжіліс барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың хабарламасы тыңдалып, делегаттар тізімі таныстырылды. Саяси кеңес мүшелерінің дауыс беруімен съезге Түркістан өңірінен қатысуға 25 делегат сайланды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Автор: admin