• 29.05.2026 20:45

Alstom Түркістан облысындағы Арыс қаласында, Орта дәліздің негізгі теміржол тораптарының бірінде, электровоздарға арналған жаңа қызмет көрсетуорталығын салуда

Автор:admin

Май 29, 2026

Қазақстан бойынша €50 млн көлеміндегіинвестициялық бағдарлама

Ел көлемінде шамамен 700 жаңа жұмыс орындарыменқамтылуы

Ай сайын 120 локомотив секциясына дейін (жылына1440) қызмет көрсету мүмкіндігі

Қазақстандағы Alstom компаниясының төрт қызметкөрсету орталығының тұратын желінің бір бөлігі

29 мамыр 2026 ж. – Зияткерлік әрі тұрақты мобильділіксаласындағы әлемдік көшбасшы Alstom компаниясымүдделі тараптар мен БАҚ өкілдеріне арналған таныстырусапарын ұйымдастырып, Орта дәліз бойында орналасқанмаңызды теміржол торабы — Арыс қаласындағы жаңаэлектровоздарға қызмет көрсету депосының құрылысбарысын таныстырды.

Арыс қаласындағы депо — 2023 жылы Alstom мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында қолқойылған Инвестициялық келісім аясында жүзегеасырылып жатқан төрт қызмет көрсету нысандарының бірі. 2025 жылы Alstom Шу қаласында депоны іске қосып, Астанада ұқсас нысанның құрылысын бастады. Соныменқатар, компанияның қолданыстағы қызмет көрсету депосыАлматы қаласында жұмыс істеп тұр.

Жаңа депо ұлттық теміржол операторы — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін Alstom компаниясы шығарғанэлектровоздарға қызмет көрсетуге арналған.

Пайдалануға берілгеннен кейін депо ай сайын 120 локомотив секциясына дейін (немесе жылына 1440) қызметкөрсете алады. Жобаны іске асыру локомотивтердіңтехникалық дайындығы пайызын 97%-ға дейін арттыруғамүмкіндік береді деп күтілуде, бұл ішкі және халықаралықбағыттардағы теміржол тасымалының сенімділігі мен тиімділігін арттырады.

Арыс қаласындағы депоның орналасуы оның Орта дәліздегіқызмет көрсету хаб ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтеді. Орта дәліз — Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропаныбайланыстыратын маңызды көлік бағыты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Alstom компаниясы арасындағы Инвестициялық келісім аясындаАстана, Арыс, Шу және Алматы қалаларындағы өңірлікқызмет көрсету орталықтарды дамытуға бағытталған жалпыкөлемі €50 млн болатын инвестициялық бағдарлама жүзегеасырылуда.

Бұл қызмет көрсету орталықтарды құру ел бойыншатеміржол техникасына қызмет көрсету жұмыстарыныңтиімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында шамамен 700 жаңа жұмыс орны ашылып, өңірлердің экономикалық дамуына және жұмыспен қамтудыарттыруға ықпал етеді.

Іс-шараға Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Францияның Қазақстан РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақАрыс қаласы әкімдігінің, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-нің  жәнеҚазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылысминистрлігінің өкілдері қатысты.

Сапар барысында қонақтарға құрылыс жұмыстарыныңқазіргі барысы, болашақ депоның негізгі функционалдықаймақтары және дайын нысанның визуализациясытаныстырылды. Сонымен қатар, Alstom өкілдерідиагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеусалаларында енгізілетін заманауи технологиялық шешімдертуралы баяндады.

«Электровоздарға арналған қызмет көрсетуинфрақұрылымды дамыту Қазақстанның көліксаласындағы талпынысы мен экономикасы үшін аса маңызды. Себебі СО₂ шығарындыларын азайтудан бөлек, электровоздарды пайдалану шығындары дизельдіклокомотивтермен салыстырғанда едәуір төмен», — дедіAlstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе.

Alstom Қазақстанның теміржол саласында 2010 жылданбері жұмыс істеп келеді. Бүгінде компанияда елімізбойынша 1300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Ол республиканың көлік және инфрақұрылым саласындамытуда маңызды рөл атқарады. Орталық Азия мен Кавказдағы жалғыз электрлік локомотив өндіруші ретінде, Alstom төрт қалада жеті өндірістік нысанды, соның ішіндеАстанадағы локомотив құрастыру зауытын және ел бойынша бірнеше техникалық қызмет көрсету депосынбасқарады.

Компания қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту жәнеелдің өсіп келе жатқан транзиттік әлеуетін қолдау арқылыөз қызметін кеңейтуді жалғастыруда.

ALSTOM™ – Alstom тобының тіркелген тауар белгісі.

Alstom туралы

ContactsAlstom — теміржол саласындағы әлемдіккөшбасшы және теміржол көлігін тұрақты транспорт жүйесінің негізіне айналдыруды мақсат етеді. Компания жоғары жылдамдықты және өңірлік пойыздардан бастапметро, монорельс, трамвайлар, «кілтке дайын» жүйелер, кешенді қызмет көрсету, инфрақұрылым, сигнал беру жүйелері мен цифрлық теміржол шешімдеріне дейінгіболашаққа бағытталған шешімдердің толық спектрінәзірлеп, ұсынады. 61 елдегі 87 800 қызметкері арқылыAlstom жаһандық тәжірибе мен жергілікті қатысудыұштастырып, әр сапарды ақылдырақ, экологиялық таза әріжайлы етуге үлес қосады. Серіктестері жәнеклиенттерімен бірге компания теміржол көлігінің әлеуетінжүзеге асыруда. Франция қор биржасында листингтелгенAlstom компаниясының 2026 жылғы 31 наурызда аяқталғанқаржы жылындағы табысы €19,2 млрд құрады. Қосымшаақпарат алу үшін: www.alstom.com

Автор: admin