Жалпы аумағы шамамен 45 гектарды құрайтын саябақ бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Мұнда жасанды су айдыны, шолу алаңдары, табиғи материалдардан жасалған жаяу жүргіншілер жолдары салынған. Сондай-ақ жарықтандыру жүйесі, ағаш орындықтар мен шағын сәулет нысандары орнатылған. Жобаны іске асыру кезінде аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп, 5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.
