• 24.09.2026 20:06

*ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАБЫН ЕЛЕМЕГЕН АЗАМАТ ЕКІНШІ РЕТ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ*

Автор:jsk.kz

Сен 24, 2026

Түркістан қаласында абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі анықталды.
Кезекті профилактикалық іс-шара барысында Сүйіліш батыр көшесінің бойында құрылыс қалдықтарын тиісті орынға шығармай, абаттандыру талаптарын бұзған 28 жастағы Шукурилла Хамидуллаев анықталды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыға тиісті заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік шара көрді. Сонымен қатар оның бұған дейін де қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Өзінің құқық бұзушылық жасағанын түсінген азамат қателігін мойындап, құрылыс қалдықтарын жинап, аумақты тазалады.
Полиция азаматтарды тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: jsk.kz