Қазығұрт ауданында орналасқан барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Учаскелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, саяси науқанның маңыздылығын сезінген тұрғындар таң сәріден келіп, өз таңдауларын жасауда.
Аудан бойынша 61 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны – 65 525 адам. Бүгінгі саяси науқанда тұрғындардың белсенділігі жоғары екені байқалады.
Құрылтай барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға да ерекше көңіл бөлінген. Қазығұрт ауданында дауыс беру құқығына ие 853 мүгедектігі бар азамат тіркелгенОлар үшін барлық сайлау учаскелерінде арнайы жағдайлар жасалып, қолжетімді орта қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, арнайы бөлмелер дайындалып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруіне барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.
Бұл тарихи саяси науқан – еліміздің болашағына бағытталған жауапты қадам. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ел дамуы үшін айрықша маңызға ие.
©️ Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
