2026 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздежаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күшінеенді. Құжат мемлекеттік аппараттың тиімділігінарттыруға, халыққа көрсетілетін қызметсапасын жақсартуға және мемлекеттікқызметшілердің әлеуметтік қорғалуынкүшейтуге бағытталған.
Жаңа заң мемлекеттік қызметтің сервистікмоделін енгізіп, азаматтардың сұранысынажедел әрі сапалы жауап беруді басты міндетретінде айқындайды. Сонымен қатар кадрлық процестерді толық цифрландыру көзделіп, мемлекеттік қызметке қабылдау мен мансаптық өсу жүйесінің ашықтығы артады.
Заңда жас мамандарды қолдау, тәлімгерлік институтын дамыту және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері кеңейтіліп, тұрғын үй қолдауы, жалақыны кезең-кезеңімен көтеру және еңбек құқықтарын қорғау шаралары қарастырылған.
Аталған заң мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттырып, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халық сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Бұл – тиімді әрі халыққа бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті
