Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 17 аудандық, қалалық аумақтық және 952 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арнайы каскадтық оқу-семинарлары өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, сайлау заңнамаларын қолданудың бірізділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастырудағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу.
Құрылтай қарсаңында сайлау комиссияларын үш деңгейлі оқыту, тестілеу іс-шаралары жүзеге асады.
Бірінші деңгейде, Түркістан облысының барлық жеті мүшесі, аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төраға, орынбасар және хатшыларының қатысуымен Құрылтай бойынша семинар-кеңестер өткізіледі.
Екінші деңгейде, аудан, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының қалған мүшелері әр ауданда учаскелік сайлау комиссияларының төраға, орынбасар және хатшыларына заңнама талаптары бойынша семинарлар, кейстік жағдайларға байланысты тренинг сабақтар жүргізіледі.
Ал, үшінші деңгейде, қалған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жоспарда бар.
Атап өтейік, жыл басынан бері сайлау комиссияларының мүшелеріне 501 оқыту семинары өткізіліп, оның ішінде каскадтық әдіспен 163 оқыту жұмыстары жүргізілген. Сайлау комиссиясының мүшелері толық қамтылған. Бұдан бөлек, комиссия құрамына жаңадан қабылданған 116 комиссия мүшелерін оқыту ерекше бақылауға алынған.
Оқыту курстарында ситуациялық кейстер және «сұрақ-жауап» викториналары, командалық ұпай жинау форматында «Gamification (ойын технологиялары) тәсілдері пайдаланылды.
ТҮРКІСТАН: АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КАСКАДТЫҚ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
