• 28.05.2026 23:10

Түркістанда «Senat Open» ІІІ ашық кубогының салтанатты ашылуы өтті

Автор:admin

Май 28, 2026

 

Бүгін Түркістан қаласында шахматтан «Senat Open» ІІІ ашық кубогының салтанатты түрде ашылды. Зияткерлік дода Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының қолдауымен өткізілуде.
Турнирде облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақ сынамақ.
Салтанатты шараға арнайы қатысып, қатысушыларды турнирдің ашылуымен құттықтадым.

   Бұл турнир – еліміздегі спорт саласының дамуына айтулы үлес қосуда. Биыл үшінші рет турнир өтіп, облысымыз белсенді қатысып келеді. Жалпы, шахмат ойыны өзінің тереңдігімен ерекшеленетін және адамның ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін дамытатын спорт түрі.
Сондықтан, бұл дода – шахматты насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге, жастарды спортқа тартуға және еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға зор үлес қосатыны сөзсіз.
Айта кетсем, «Senat Open» турнирі үш кезеңнен тұрады. Алдымен барлық өңірлерде іріктеу турлары ұйымдастырылып, үздік шыққан қатысушылар аймақаралық жартылай финалда бақ сынайды. Ал жеңімпаздар республикалық финалдық кезеңге жолдама алады.

Түркістан облыстық мәслихаты

Автор: admin