• 08.05.2026 19:51

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

Автор:admin

Май 8, 2026

 

🔰Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Біріккен Ұлттар Ұйымының даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Түркістан өңірі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша оң көрсеткіштерге тоқталды.

📌– Түркістан өңірі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған тұрақты даму мақсаттарына ерекше мән береді. 2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша Түркістан облысы халқының саны 2146,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 545,1 мың адам (25,4%), ауыл тұрғындары – 1601,6 мың адам (74,6%). Біз экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттілікті үйлестіруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді саясат жүргізіп келеміз, – деді ол.

🔰Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республикада 2-орынға ие болды.

🔰Кездесуде экологиялық тұрақтылық мәселелері де кеңінен талқыланды. Өңірде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жасыл технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар көші-қон және интеграция мәселелері де ерекше назарда. Облыста азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

🔰Жиында гендерлік теңдік мәселесі де сөз болды. Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Бүгінгі таңда, өңірде 400 мыңнан аса отбасы бар. Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы 5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі немесе 28,1%-ы – қыз-келіншектер. Оның ішінде, 233 әйел немесе басшылық лауазымдарды атқарады.

🔰Сондай-ақ өңірде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 210258 мың кәсіпкер болса, оның 91 мыңнан астамы – әйелдер. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1%-ында әйел адамдары басшылық жасауда.

🔰Кездесуде азаматтық қоғамды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған бастамалар да талқыланды.

🔰Жиын соңында Ертай Кенжебекұлы БҰҰ арнайы баяндамашысының тәжірибесі мен сараптамалық көзқарасының өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, пікір алмасу Түркістан облысының даму стратегиясын жетілдіруге және халықаралық тәжірибені енгізуге серпін беретінін жеткізді.

🔰Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметі
_________

ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ ДЕМОНСТРИРУЕТ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЙ РОСТ ПО ПОКАЗАТЕЛЯМ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ

🔰 Заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев встретился со специальным докладчиком ООН по вопросу о праве на развитие Сурьей Девой. В ходе встречи замакима подчеркнул, что Туркестанский регион динамично развивается, и подробно остановился на положительных показателях в экономике, инфраструктуре и социальной сфере.

📌 — Туркестанский регион уделяет особое внимание Целям устойчивого развития, провозглашенным ООН, для обеспечения социально-экономического прогресса. По данным на 1 марта 2026 года, численность населения Туркестанской области составила 2 146,7 тыс. человек. Из них горожане — 545,1 тыс. человек (25,4%), сельские жители — 1 601,6 тыс. человек (74,6%). Мы проводим комплексную политику, направленную на гармонизацию экономического роста и социальной справедливости, повышение благосостояния населения и охрану окружающей среды, — отметил он.

🔰 Стоит подчеркнуть, что в январе-марте 2026 года краткосрочный экономический рост Туркестанской области составил 119,4%, что позволило региону занять 2-е место в республике.

🔰 На встрече также широко обсуждались вопросы экологической устойчивости. В регионе на системной основе реализуются меры по рациональному использованию природных ресурсов, внедрению «зеленых» технологий и защите окружающей среды. Кроме того, особое внимание уделяется вопросам миграции и интеграции. В области ведется работа по обеспечению равенства прав и возможностей граждан, а также укреплению социального согласия.

🔰 Отдельно был затронут вопрос гендерного равенства. Туркестанская область — регион с высоким демографическим ростом. На сегодняшний день здесь проживает более 400 тысяч семей. Большая часть многодетных матерей-героинь Казахстана проживает именно в Туркестанской области. Сегодня из 5611 государственных служащих региона 1572 (28,1%) — женщины. Из них 233 женщины занимают руководящие должности.

🔰 Женщины региона также успешно трудятся во всех отраслях экономики. Из примерно 210 258 предпринимателей области более 91 тысячи — женщины. Согласно статистике, женщины возглавляют 43,1% субъектов малого и среднего предпринимательства.

🔰 В ходе встречи обсуждались инициативы по поддержке гражданского общества, укреплению семейных ценностей и повышению роли женщин в общественном развитии.

🔰 В завершение Е. Алтаев подчеркнул значимость опыта и экспертного мнения спецдокладчика ООН для региона, отметив, что обмен мнениями придаст импульс совершенствованию стратегии развития Туркестанской области и внедрению международного опыта.

🔰 По итогам встречи стороны выразили намерение развивать двустороннее сотрудничество и продолжать обмен опытом.

Автор: admin