• 22.04.2026 16:22

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ ҰЛЫҚТАҒАН «ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 22, 2026

 

🔹 Шымкент қаласында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Шаңырақ шаттығы – 2026» атты мерекелік фестиваль өтті.

🔹Фестивальдің негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты дәріптеу және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

🔹Іс-шара барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшы орынбасары Тоқтар Әмірқұлов құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.

🔹«Қоғамдық келісім мен этносаралық татулық – еліміздің тұрақты дамуының басты негізі. Осындай мазмұнды іс-шаралар ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді», – деді Орынбай Рахманбердиев.

🔹Фестиваль аясында «Алтын шаңырақ отбасы» номинациясының иегері Үсентаев Рахымның отбасы марапатталып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

🔹Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнер көрсетті. Сонымен қатар, қонақтарға мерекелік дастархан ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

🔹Аталған фестивальге мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, қоғамдық ұйымдар, өнерпаздар, қолөнер шеберлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Автор: admin