• 13.04.2026 15:45

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІР МЕЗЕТТЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 13, 2026

 

📍Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының салтанатты ашылуы мен іріктеу кезеңі өтті.

🔰Ашық аспан астындағы ауқымды білімділер сайысына еліміздің 7 өңірінен және Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан жиналған 500-ге жуық команда, 2500-ге жуық жас қатысты.

🔰Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен қала әкімі Жандос Тасов аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар мұндай ауқымды интеллектуалды алаңдардың жастардың жан-жақты дамуына, ел болашағының зияткер буынын қалыптастыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

🔰Аталған сайыстың мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын арттыру арқылы білім деңгейін көтеру, сондай-ақ елімізде интеллектуалды ортаны қалыптастыру.

🔰Іріктеу кезеңінде командалар арасынан үздіктер анықталып, марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 45 команда келесі кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар енді Түркістан қаласында өтетін 1/8 финалдық кезеңде бақ сынайды. Жалпы жүлде қоры – 3 миллинон теңге.

«AL-FARABI» интеллектуалды ойыны биыл 8-рет ұйымдастырылып отыр. Білімділер бәйгесі – білім мен бәсекені ұштастырған, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

🔰Айта кетсек, бұл жоба ауқымы бойынша рекордтық көрсеткішке ие болып, қатысушылар санының көптігіне байланысты халықаралық деңгейде, атап айтқанда, Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге ұсынылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin