Кентау қаласындағы №39 дауыс беру учаскесінде КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, бокстан Әлем кубогының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қанатбек Шағатаев дауыс берді. Белгілі спортшы учаскеге ұлымен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Спортшының референдумға келіп дауыс беруі — жастарға үлгі болып, елдегі маңызды оқиғаларға белсенді қатысудың маңызын көрсетеді.
Қанатбек Шағатаев — спорттағы жетістіктерімен елге танымал тұлға. Ол 1991 жылы КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы атанса, 1994 жылы бокстан Әлем кубогының күміс жүлдесін иеленген. Сондай-ақ 12-Азия ойындарының жеңімпазы және көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері. 2008 жылдан бері ол Кентау қалалық бокс мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Шымкент және Мәскеу қалаларында бапкер болып еңбек еткен. Қазіргі таңда мектепте 300-ге жуық жас боксшы жаттығып, шеберліктерін шыңдауда. Олардың арасында Қазақстан чемпионатында, Азия біріншіліктерінде жүлде алып жүрген дарынды спортшылар да бар.
Айта кетейік, Кентау қаласында республикалық референдум өткізу үшін 35 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Қала бойынша референдумға қатысуға құқылы дауыс берушілердің жалпы саны 56 099 азаматты құрайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
ТУРКЕСТАН: ПОБЕДИТЕЛЬ СПАРТАКИАДЫ НАРОДОВ СССР КАНАТБЕК ШАГАТАЕВ СДЕЛАЛ ВЫБОР НА РЕФЕРЕНДУМЕ
На участке голосования №39 в г. Кентау проголосовал победитель Спартакиады народов СССР, серебряный призер Кубка мира по боксу, мастер спорта международного класса Канатбек Шагатаев. Известный спортсмен приехал на участок с сыном и сделал свой выбор. Явное голосование спортсмена на референдуме является примером для молодежи и показывает важность активного участия в важных событиях в стране.
Канатбек Чагатаев известен своими спортивными достижениями. Он стал победителем Спартакиады народов СССР в 1991 году и серебряным призером Кубка мира по боксу в 1994 году. Также является победителем ХІІ Азиатских игр и призером многих международных турниров. С 2008 года он является директором кентауской городской школы бокса. Ранее он работал тренером в Шымкенте и Москве. В настоящее время в школе тренируются и оттачивают свои навыки около 300 юных боксеров. Среди них — талантливые спортсмены, ставшие призерами на чемпионатах Казахстана, первенствах Азии.
Отметим, что в городе Кентау 35 участков голосования для проведения республиканского референдума начали свою работу в 07:00 утра. Общее количество проголосовавших, имеющих право участвовать в референдуме по городу, составляет 56 099 граждан.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
