• 15 марта, 2026 10:55 дп

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ӘСКЕРДЕН КЕЛГЕН САРБАЗ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Арыс қаласындағы №608 референдум учаскесінде әскерден оралған жас сарбаз Думан Аманжол өз таңдауын жасап, дауыс берді. Қазіргі уақытта Арыс қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 34 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Ауданда 42 840 азамат дауыс беру құқығына ие. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

«Мен – өз Отанымды қорғап келген жас сарбаз ретінде бүгін өз таңдауымды жасадым. Еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығы әр азаматтың басты борышы деп есептеймін. Конституция – біздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді анықтайтын негізгі заң, сондықтан оны сақтау мен қолдау әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Отан алдында абыройлы борышымды орындағандай, ел азаматы ретінде де мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігін қорғауға дайынмын», – дейді жас сарбаз.

Референдум барысында Арыс қаласының тұрғындары да белсенділік танытып, өз азаматтық міндеттерін орындауда. Мұндай маңызды саяси науқан елдің бірлігін нығайтып, әрбір азаматтың қоғамдағы орны мен жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin