• 15 марта, 2026 8:15 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДОМАЛАҚ АНА» АНСАМБЛІ САЯСИ НАУҚАНҒА ҰЛТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Автор:admin

Мар 15, 2026

Бүгінгі өтіп жатқан референдумға облыстық «Домалақ ана» ансамблінің мүшелері дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады. Ансамбль мүшелері бұл маңызды қоғамдық-саяси шараға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
«Саяси науқанға ұлттық киіммен келу – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарына деген құрметтің айқын көрінісі. Бұл қадам референдумның маңыздылығын айқындап қана қоймай, ұлттық рух пен бірліктің белгісі ретінде де ерекшеленді» — дейді ансамбль мүшелері.
Айта кетейік, Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Автор: admin