• 15 марта, 2026 8:01 дп

«АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР» – РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

15 наурыз күні №160 учаскеде ел тұрғындары азаматтық белсенділігін танытып, референдумға белсене қатысты. Соның ішінде жасы үлкен әжелер – «Ақ жаулықты аналар» арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл әрекет көпшілікке үлгі болып, азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісін көрсетті.

«Еліміздің болашағы үшін әр адам дауыс беруі керек. Біз де осы елдің азаматы ретінде өз таңдауымызды жасадық», – дейді дауыс беруге келген ақ жаулықты әжелердің бірі.

Жалпы, референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй байқалып, тұрғындар өз таңдауын жасау арқылы ел дамуына үлес қосты. №160 учаскедегі бұл шара азаматтық белсенділікті дәріптеп, ұлттық дәстүр мен қоғамдағы бірлікті нығайтуға ықпал етті.

Автор: admin