• 15 марта, 2026 7:53 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДАУЫС БЕРУШІЛЕР РЕФЕРЕНДУМ КҮНІНДЕ АРНАЙЫ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Түркістан облысында 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бүгін 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Осы ретте, өңірде дауыс берушілер референдум күнінде #Менреферендумғабарамын хештегімен арнайы челлендж бастады. Челлендж аясында тұрғындар референдумға қатысу сәтінен фото жариялап, әлеуметтік желілерде аталған хештегпен жариялауда.

Акция тұрғындарды саяси маңызды оқиғаға белсенді қатысуға шақыру және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Түркістан облысының тұрғындары референдум күні өз таңдауларын жасап, ел болашағына бей-жай қарамайтынын білдірді. Референдум учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

 

Автор: admin