• 15 марта, 2026 7:46 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Автор:admin

Мар 15, 2026

▪️Бүгін елімізде жаңа Конституцияның жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
▪️Демографиясы жоғары, халқы тығыз Түркістан облысында белсенділік жоғары, елдің көңіл күйі көтеріңкі. Өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде.
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр.
Түркістан облысы бойынша референдум учаскелерінің саны – 948 (оның ішінде жабық учаскелер саны – 26). Қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы 2 млн 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.
▪️Республиқалық референдумға өңір жоғары деңгейде дайындалды. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше) бар. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.
▪️Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық – техникалық жағынан толықтай қамтамасыз етілген,
Облыс көлемінде биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16601 ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші азамат бар, олардың 4 мыңы қоларба пайдаланады, 8171-інің көру, сондай-ақ, 4430 азаматтың есту қабілеті нашар. Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған.
Жалпы өңірде референдум жоғары деңгейде өтіп, дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.

Автор: admin