• 15 марта, 2026 5:37 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ОРАЙ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАУДА

Автор:admin

Мар 15, 2026

Бүгін республикалық референдумға байланысты Түркістан облысының бірқатар қалаларында қоғамдық көліктер тегін қатынауда. Атап айтқанда, бұл шара Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында ұйымдастырылды. Бұл бастама тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр.

Референдум күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерді ақысыз пайдалана алады. Барлық автобус бағыттары тегін қатынайды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.Айта кетейік, бүгін өңірдегі барлық дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Автор: admin