• 11 марта, 2026 7:16 пп

Мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі

Автор:admin

Мар 11, 2026

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процестерін толық цифрландыруды қамтамасыз ету барлық конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін арттыру үшін мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі жетілдірілді.

Мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі «Eqyzmet» ашық сыртқы порталында жүзеге асырылады, ол үміткерлерге барлық кезеңдерде онлайн режимінде конкурсқа қатысуға, конкурстық іріктеу барысында прокторинг технологиясы қолданылып, үміткерлерге өзіне ыңғайлы жерде және уақытта қатысу мүмкіндігі берілген.

Мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар ең алдымен  eqyzmet.gov.kz интернет-порталында ЖСН және ЭЦҚ енгізу арқылы тіркеледі және  жүйеде азаматтың жеке ісі автоматты түрде құралады.

Барлық мәліметтер (жеке куәлігі, мекенжайы, еңбек жолы, білімі, электронды поштасы, суреті және телефоны) басқа ақпараттық жүйелерден алынады.

Онлайн іріктеу тәсіліне сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлер жүйеде төрт заң бойынша заңнаманы және мемлекеттік тілді білу тестілеуінен онлайн өтеді.

Үміткер порталдағы өзінің жеке кабинетінде тестілеуден өту үшін
1 күнтізбелік күн бұрын тестілеудің күні мен уақытын өзі таңдап, өтінім қалдырады.

Үміткер «Қазақстан Республикасының Конституциясы»,
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бiлуге арналған тесттерді қамтиды.

Сондай-ақ, конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) мемлекеттік органмен жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;

3) үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;

4) эссе жазу (белгілі бір лауазымдар үшін не мемлекеттік органның шешімі бойынша);

5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында бейнебайланыс арқылы әңгімелесу (төменгі лауазымдар үшінпрактикалық бағалау арқылы жүргізіледі);

6) конкурс қорытындысын шығару.

Осылайша, «Eqyzmet» арқылы іріктеудің онлайнжүйесі шынайы бәсекелестікке жол ашады, іріктеу кезеңдеріне ыңғайлы уақытта қатысуға жол беріп
«адами фактордың» әсерін толығымен жоятын іріктеу.

Сонымен қатар, іріктеу мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа цифрлық жүйесі – заман талабына сай жасалған қадам.

Себебі, eqyzmet.gov.kz порталы арқылы үміткерлерге әділ, ашық және қолжетімді мүмкіндік беріліп отыр.

Бұл – еліміздің кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыруға бағытталған сенімді әрі маңызды құрал болып табылады.

Сондықтан, еліміздің  білімді, білікті, адал және белсенді азаматтарын аталған жаңашыл жүйені пайдалана отырып, мемлекеттік қызметке келуге шақырамыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Автор: admin